Год: 2026

Шын жүректен құттықтаймыз!

⚜️ 2026 жылғы 21–27 наурыз аралығында Бангкокта (Тайланд) жебеден классикалық (олимпиадалық) ату бойынша Азия кубогының І кезеңі өтті. 🥇 Аталған байрақты бәсекеде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ФКР-311 тобының студенті Александра Землянова жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. 🏆 Александраны жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асулары биік, бағындырар шыңдары жоғары болсын!

«Адалдық IQ» атты зияткерлік ойын

2026 жылғы 26 наурыз күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Адалдық IQ» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында адалдық қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар логикалық, құқықтық және ситуациялық тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, …

«Адалдық IQ» атты зияткерлік ойын Read More »

Студенттерге арналған Қосымша білім беру бағдарлама

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы 2026 жылғы 10-20 наурыз аралығында «Географияны оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану» атты қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын ұйымдастырып, өткізді. Оқу бағдарламасын «8D01505 – География» білім беру бағдарламасының докторанты А.С. Нұрғазина «Географияны оқыту үдерісінде жасанды интеллект (AI) қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында орындалған ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері …

Студенттерге арналған Қосымша білім беру бағдарлама Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 17–18 наурыз күндері Тараз қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Мықтыбек Укиметұлы 61 кг салмақ дәрежесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. Спортшымызды жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс …

Құттықтаймыз! Read More »

Қытайдың аграрлық орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту

2026 жылғы 21 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасына жасалған ресми іссапары аясында Шанси провинциясы Интай ауданы Тоңчуань қаласында орналасқан Ючун ауылшаруашылық жылжымалы бақшасына барды (Yuchun Agricultural Mobile Orchard). Аталған бақша маусымнан тыс кезеңде жеміс ағаштарының өнімін алуда ақылды жылыжайларды тиімді пайдаланумен ерекшеленеді. Заманауи егу әдістері мен интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу …

Қытайдың аграрлық орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту Read More »

Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне іссапар (Қытай)

2026 жылғы 20 наурызда Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасы Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне (Northwest Agriculture and Forestry University) ресми іссапармен барды. Шетелдік университетке барудың мақсаты — ауыл шаруашылығында, дәлірек айтқанда, дәнді дақылдарды өсіруде заманауи технологияларымен танысу, қытайлық университеттің теориялық және практикалық базаларын студенттерді бірлесіп даярлауда пайдалану мүмкіндіктерін талқылау. …

Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне іссапар (Қытай) Read More »

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш

Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай өткізілген Наурызнаманың онкүндігі аясында «Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің ашылуы үш дәуірді бейнелейтін көріністен бастау алды. Көрермендерге ұлттық рухты сезіндіретін әсерлі қойылым ұсынылып, күй шертіліп, ән айтылды, би биленді. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, сырға салу, тұсау кесу, асық ату сияқты …

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш Read More »

Шанси ғылым және технология университетіне іссапар (Қытай)

2026 жылғы 20 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасы Шанси провинциясы Сиань қаласында орналасқан Шанси ғылым және технология университетіне ресми іссапармен барды. Қытай университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, екі тараптың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев университеттің академиялық және ғылыми әлеуетімен таныстырып, бірлескен …

Шанси ғылым және технология университетіне іссапар (Қытай) Read More »

Құттықтаймыз

2026 жылдың 23–27 наурыз аралығында Тараз қаласында қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Тусупбек Зейнеп Асхатқызы – 55 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынДаниярқызы Аяулым – 45 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын Бұл жетістіктер спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының …

Құттықтаймыз Read More »

«Заң мен тәртіп»

⚜️ «Заң мен тәртіп» аясында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. 📌 Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. ⚜️ Кураторлық сағат барысында студенттерге нашақорлықтың алдын алу және буллингтің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты танымдық фильм …

«Заң мен тәртіп» Read More »