Год: 2026

Білімгерлер тәжірибелі маманнан дәріс алды.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде студенттердің терең білім алып, тәжірибе алмасуы бірнеше жылға жалғасып, өз нәтижесін беріп келеді. Ішкі академиялық ұтқырлық аясында аталған оқу ордасының Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мысаева Карлыга Накысбековна 05.02.2026-27.02.2026 жыл аралығында 6В03202 «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс білімгерлеріне «Кәсіби …

Білімгерлер тәжірибелі маманнан дәріс алды. Read More »

Педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

04.03.26ж. күні Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 6B01505 – Информатика, 3-курс ИҚ311, ИР311 топтары  білімгерлерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өткізілді. Практика оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, білімгерлердің теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуіне, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды. Практика барысында болашақ мұғалімдер педагогикалық ортада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, мамандық бойынша алған білімдерін қолдану мүмкіндігіне ие …

Педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы Read More »

Жетісу студенттері итальян тілін меңгеруде

2026 жылғы 2 наурызда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне итальян тілі оқытушысы Алессандро Грасси және «Letteratè» итальян тілін меңгеру орталығының директоры Любовь Грасси ресми іссапармен келді. Бұл сапар университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және шетел тілдерін оқыту сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болды. Кездесу барысында университет басшылығымен Марке политехникалық университеті филиалы студенттері мен оқытушыларына итальян …

Жетісу студенттері итальян тілін меңгеруде Read More »

«Тәрбие мен тәртіп: психологиялық тепе-теңдік» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

Жетісу университетінің Педагогика және психология факультетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Тәрбие мен тәртіп: психологиялық тепе-теңдік» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды шараға танымал дінтанушы, психолог Қанат Маратұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Кездесудің ашылу рәсімінде факультет деканы Ерлан Хаймулданов бүгінгі қоғамдағы тәрбие мен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Ол жастар тәрбиесінде заңға құрмет …

«Тәрбие мен тәртіп: психологиялық тепе-теңдік» тақырыбында тағылымды кездесу өтті Read More »

Еңбектің даңқты тұлғасы: Нұрмолда Алдабергенов және оның мұрасы талқыланды

2026 жылы 03 наурыз күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ашық дәріс өткізілді. Шара екі мәрте Социалистік еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Еңбектің дара тұлғасы» атты тақырыпта өтті. Ашық сабақтың спикерлері ретінде Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейінің меңгерушісі Шаймуханбетова Гүлшат Ерболғанқызы және экскурсия жетекшісі …

Еңбектің даңқты тұлғасы: Нұрмолда Алдабергенов және оның мұрасы талқыланды Read More »

Ғылыми семинар туралы хабарландыру

2026 жылғы 4 наурыз күні сағат 15:15-те Бас ғимараттың 408A аудиториясында ғылыми семинар өтеді. Семинар спикері – Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Абдрахим Мирас Еркінұлы. Баяндаманың тақырыбы: «ХІХ–ХХ ғғ. тоғысындағы Жетісу облысындағы қазақ аудармашылары: отарлық билік тұсындағы қоғамдық қызметі». Қызығушылық танытқан профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен докторанттарды қатысуға шақырамыз.

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 26–28 ақпан күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан U-23 жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. 🥇 Айбол Омар – 1500 м. және 3000 м. қашықтықта І орын,🥇 Айана Болатбекқызы – 1500 м қашықтықта ІІ орын …

Құттықтаймыз! Read More »

Жасанды интеллект және тарихи білім: Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы секциялық мәжіліс өтті

2026 жылдың 2 ақпанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша жобалық топтың секциялық мәжілісі өтті. Тарих секциясы аясында «Тарихи білім және AI: мұғалімнің цифрлық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында отырыс ұйымдастырылды. Бүгінде жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу білім беру жүйесінде қарқынды дамып, оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал етіп келеді. ЖИ университет …

Жасанды интеллект және тарихи білім: Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы секциялық мәжіліс өтті Read More »

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ

Журналистика кафедрасының «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша ЖҚ311 және ЖҚ312 тобының өндірістік практика қорытындысына арналған конференция өтті. 2026 жылдың 12 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында ұйымдастырылған практика өз мәресіне жетіп, білім алушылар атқарған жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап шықты. Студенттер практика барысында өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени мекемелерде тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, олар «Жетісу» …

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ Read More »

Жасанды интеллект семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27 ақпанда «Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде тиімді әрі этикалық қолдану» атты онлайн ғылыми семинар өтті. Оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен білімгерлер қатысты. Онлайн ғылыми семинарға қатысушылар саны 250 адамды құрап, алғаш рет тікелей көрсетілім 2 оқу ғимараты мен 3 мәжіліс …

Жасанды интеллект семинар Read More »