Год: 2026

«Жаңа прогрессивті Конституция бірлігіміздің тірегі» жиын

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мазмұнды жиын өтті. Алқалы басқосуға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мекеме басшылары, азаматтық қоғам өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысты. Жиынды облыстық мәслихат төрайымы Гүлнар Тойлыбаева жүргізіп, басқосудың алда өтетін республикалық референдум аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде жаңа Конституция жобасының мән-маңызына кеңінен …

«Жаңа прогрессивті Конституция бірлігіміздің тірегі» жиын Read More »

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптау мақсатында ұйымдастырылды. Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарының …

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

Enactus Zhetysu командасымен кездесу

2026 жылғы 24 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев Enactus Zhetysu командасының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында команда өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар алдағы жылға арналған жоспарлар талқыланып, жүзеге асырылатын жобалардың бағыттары нақтыланды. Сондай-ақ алдағы уақытта өтетін Enactus Kazakhstan Ұлттық кубогына дайындық мәселелері …

Enactus Zhetysu командасымен кездесу Read More »

Педагогикалық практика

2026 жылғы 23 ақпан мен 21 наурыз аралығында 6В01406 – «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының білім алушылары Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі базасында педагогикалық практикадан («Мұғалім кәсібіне кіріспе») өтті. Практика барысында студенттер оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, мұғалім қызметімен және мектеп құжаттамасымен танысты. Практика базалық педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және теориялық …

Педагогикалық практика Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 16–20 ақпан күндері Алматы облысы, Кемертоған кентінде Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті. Аталған байрақты бәсекеде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Сила Биболсынқызы 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүлделі ІІ орын иеленді. Силаны жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Ғылыми семинар

27 ақпан күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының диссертанты Е.Т. Саржігітовтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Жыраулар поэзиясының поэтикасы және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесі» атты диссертациялық жұмысына қатысты ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар барысында ізденуші зерттеу жұмысының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық маңызын жан-жақты баяндады. Диссертацияда …

Ғылыми семинар Read More »

Ілияс Жансүгіров рухына тағзым

26 ақпан — ақын, прозаик, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы, сан қырлы дарын иесі Ілияс Жансүгіровтің атылған күні. Қазақ поэзиясының Құлагерін еске алу кеші Ғ.Орманов атындағы Жетісу университетінің кітапханасында өткізілді. «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор М. М. Иманғазинов ақын өмірінен тың деректер келтіріп, бейнефильм көрсетті. Гуманитарлық факультет деканы, философия …

Ілияс Жансүгіров рухына тағзым Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жылдың 26–28 ақпан күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде U-23 жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 🥇 Омар Айбол – 1500 м қашықтықта І орын🥇 Омар Айбол – 3000 м қашықтықта І орын🥈 …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

27.02.2026 ж. физика және математика кафедрасының меңгерушісі Сләмжанова С.С. және практика жетекшілерінің қатысуымен 6В01503- Физика БББ  ФҚ-311 тобының 3 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізілді. Конференция барысында студенттер педагогикалық практика кезінде атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр студент өткізген сабақтары, қолданған әдіс-тәсілдері, оқушылармен жұмыс жасау барысындағы жетістіктері мен кездескен …

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция Read More »