2026 жылғы 23 ақпан мен 21 наурыз аралығында 6В01406 – «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының білім алушылары Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі базасында педагогикалық практикадан («Мұғалім кәсібіне кіріспе») өтті.
Практика барысында студенттер оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, мұғалім қызметімен және мектеп құжаттамасымен танысты.
Практика базалық педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және теориялық білімді бекітуге ықпал етті.

