Год: 2026

Кешенді әдістемелік кеңес

Оқу жылына арналған жоспарға сәйкес кешенді әдістемелік кеңес ұйымдастырылып, онда өзекті әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кеңес барысында шығармашылық топтардың, ПЦК төрағаларының және жас мамандар жетекшісінің жартыжылдық есептері тыңдалып, келесі жартыжылдыққа жоспарланған жұмыстарымен таныстырылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне қатысты бірқатар маңызды әдістемелік сұрақтар талқыланды. Кеңес аясында колледж оқытушылары арасында «Ақылдылар айқасы» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде өтті. …

Кешенді әдістемелік кеңес Read More »

Қысқы педагогикалық оқулар

«Колледжде білім сапасын арттырудағы цифрлық платформалардың рөлі» тақырыбында өткен қысқы педагогикалық оқуларда оқытушылар өзекті мәселелерді талқылады, тәжірибе алмасып, мазмұнды баяндамаларымен бөлісті. Оқулар барысында заманауи цифрлық платформаларды сабақта тиімді қолдану әдістері, білім алушылардың білім деңгейін арттыру жолдары және кәсіби даму мәселелері кеңінен қаралды. Педагогикалық оқуға қатысқан оқытушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Ғылыми тағылымдама

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультеті, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасы  8D01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  білім беру бағдарламасының докторанты Таурбекова Айнур Сапашовна Болгария елі, «Әулие Климент  Охридский» атындағы София университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағлымдама шетелдік кеңесші София университеті, Педагогика факультеті, «Педагогика және білім беруді басқару тарихы» кафедрасының доценті PhD …

Ғылыми тағылымдама Read More »

Хабарландыру!

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы Ағылшын тілі курстарына тыңдаушыларды қабылдауды жариялайды.Қабылдау 19 қаңтарға дейін жүргізіледі. Ақпарат:87752487278Ғ.Орманов атындағы кітапхана, 1 қабат, 1 кабинет@zhu_languagecourses Тіркелу және деңгейіңізді анықтау үшін келесі сілтемеге өтіңіз⬇️ https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf_sTopv2nW9GUGnZMM0dk90sA3X-mrCxFkrFm3q37xSRzx5w/viewform #SDG #ЦУР #ТДМ

«Jas galym-2025» жоба орындаушыларының ЕСЕБІ

Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2025» конкурсы аясында жоба орындаушыларының кезекті есептік жиыны өтті. Жиында сегіз жоба жетекшісі жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және қол жеткізген көрсеткіштерін баяндап есеп берді. Әр жоба жетекшісі әзірлеген өнімдерін таныстырып, олардың ғылыми жаңашылдығын, практикалық маңызын және коммерцияландыру әлеуетін атап өтті. Сонымен …

«Jas galym-2025» жоба орындаушыларының ЕСЕБІ Read More »

Бастапқы конференция

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  әдіскерлері  ф.ғ.к. Л.А.Чалтыкенова мен магистр Д.Б.Есимбекова «Филология» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттеріне өндірістік практикаға дайындық аясында бастапқы конференция өткізді. Конференция барысында өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, оны ұйымдастыру тәртібі, студенттердің функционалдық міндеттері, есеп беру талаптары және қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар практика базаларымен өзара байланыс орнату, кәсіби …

Бастапқы конференция Read More »

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРІЛДІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В03201 – «Журналистика» және 6В03202 – «Қоғаммен байланыс»  білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттеріне арналған  өндірістік практикаға бағыттау конференциясы өтті. 2025-2026 оқу жылындағы алғашқы ауқымды шара №126 аудиторияда ұйымдастырылып, 3 және 4 курс білім алушыларына өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті, өту тәртібі және негізгі талаптары айқындалды. Сонымен қатар тәжірибе …

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРІЛДІ Read More »

12.01.2026 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4 курс білімгерлерімен өндірістік- педагогикалық практика бойынша ұйымдастыру конференция өткізілді.

Конференция барысында білім алушылар өндірістік – педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері, оны өту мерзімдерімен, есептік құжаттаманың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптармен таныстырылды. Практиканы ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ кәсіби этика мен қауіпсіздік техникасын сақтау талаптарына ерекше назар аударылды.

Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев итальян тілін меңгеру курстарына қатысушы студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ректор шет тілін меңгерудің маңыздылығын атап өтіп, курс тыңдаушыларына жемісті нәтиже мен сәттілік тіледі. Итальян тілін оқыту курстары 2026 жылғы 12 қаңтарда басталып, 3 шілдеге дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты – …

Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды Read More »

AI Assistant