Год: 2026

Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев итальян тілін меңгеру курстарына қатысушы студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ректор шет тілін меңгерудің маңыздылығын атап өтіп, курс тыңдаушыларына жемісті нәтиже мен сәттілік тіледі. Итальян тілін оқыту курстары 2026 жылғы 12 қаңтарда басталып, 3 шілдеге дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты – …

Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды Read More »

12 қаңтар 2026 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 3 және 5 курс білім алушыларына өндірістік практика бойынша ұйымдастыру конференциясы өткізілді.

Конференция барысында студенттерге өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері, өту мерзімдері, есеп беру құжаттарының құрылымы мен рәсімделу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, практика барысында кәсіби этика ережелерін сақтау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 9–11 қаңтар күндері Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ХХХV Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті: Ақбаян Нұрмәмет — 800 м. қашықтықта І орын Сания Құдайберген — 2000 м. кедергілермен жүгіруде І орын Айана Болатбекқызы — 1500 м. …

Құттықтаймыз! Read More »

«Jas galym-2024» жоба орындаушыларының есептік жиыны

2026 жылғы 9 қаңтарда жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2024» жоба орындаушыларының есептік жиыны өтті. Жоба қорытындыларын ұсыну барысында 8 жоба жетекшілері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, қол жеткізілген көрсеткіштерді, әзірленген өнімдер мен технологияларды таныстырды. Жас ғалымдардың ұсынған есептері тиісті ғылыми көрсеткіштер бойынша бағаланды. Есептік жиынға І. Жансүгіров …

«Jas galym-2024» жоба орындаушыларының есептік жиыны Read More »

Бейіндік магистратураны бітірген адамдар үшін педагогикалық бейіндегі магистратура бағдарламалары бойынша қабылдау

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бейіндік магистратураны бітірген адамдар үшін педагогикалық бейіндегі магистратура бағдарламалары бойынша қабылдау жариялайды. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылдың 23 қантарына дейін. Құжаттарды тапсыру мекен-жайы: Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187а, І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы, университет кітапханасы, 1 қабат, 101 каб. Барлық сұрақтар бойынша 8(7282) 22-21-23 (ішкі. 1199), …

Бейіндік магистратураны бітірген адамдар үшін педагогикалық бейіндегі магистратура бағдарламалары бойынша қабылдау Read More »

Спартакиада қорытындысы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Жарыс спорттың 9 түрінен (волейбол, жүзу, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, гір көтеру, футзал, эстафеталық жарыс және арқан тартыстан ) ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты мен міндеті — университеттің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спорт жарысына барлығы 236 адам қатысты. …

Спартакиада қорытындысы Read More »

Педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Дене шынықтыру және өнер факультетінде«Бастапқы әскери дайындық» және «Дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс білім алушыларына арналған педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті. Конференция барысында практика кезеңінің мақсат-міндеттері түсіндіріліп, білім алушыларға әдістемелік нұсқаулықтар мен талаптар таныстырылды. Сонымен қатар, алдағы жұмыстардың бағыттары мен жауапкершіліктері нақты айқындалды.

Өндірістік-педагогикалық тәжірибеге бағыттау конференциясы

Ағымдағы 2025-2026  оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6В01601  – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс білімгерлері сәйкесінше оқу жоспарына сәйкес 12.01.2025-22.02.2025 жж. және 12.01.2025-25.04.2025 жж. аралығында облыс, қала және аудан мектептерінде практикадан өтуі жоспарланып отыр. Осыған орай студенттерге арналған өндірістік-педагогикалық тәжірибенің бағыттау конференциясы өткізіліп, онда студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру …

Өндірістік-педагогикалық тәжірибеге бағыттау конференциясы Read More »

МАСТЕРМАЙНД«БОЛАШАҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖАҢА ҚҰЗЫРЕТТЕР МЕН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылдың 9 қаңтар күні стейкхолдерлардың қатысумен тәжірибе алмасу мақсатында дәстүрлі педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі аясында «Болашақ еңбек нарығы және жасанды интеллект: жаңа құзыреттер мен кадрлар даярлау бағыттары» атты мастермайнд өтті. Аталған шараға қатысқан жұмыс берушілер: Олар өз баяндамаларында еңбек нарығының сұранысына сай маман даярлаудағы проблемалар мен ұсыныстар айтылды.                       Мастермайнд …

МАСТЕРМАЙНД«БОЛАШАҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖАҢА ҚҰЗЫРЕТТЕР МЕН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ» Read More »

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026

2026 жылғы 8–9 қаңтар аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026 «Жасанды интеллект: қазіргі жағдайы, даму үрдістері және болашағы» тақырыбында ұйымдастырылды. Қысқы мектеп жұмысы 5 кезең бойынша өткізілді. Бағдарлама аясында 2026 жылғы 9 қаңтарда «Мастермайнд: болашақ еңбек нарығы және жасанды интеллект – жаңа құзыреттер мен кадрлар даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел …

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026 Read More »