AP27510879 Кекіренің жойылып бара жатқан түрлерін зерттеу және биотехнология әдістерімен сақтау
Жобаның мақсаты –
1-мақсат – жалын-иондаушы детекторы бар газ хроматографиясы (GС/FID) және масс-спектрометрия (GC/MS) әдістерімен аз зерттелген кекіре түрлерін фитохимиялық зерттеу;
2-мақсат – жойылып кету қаупі бар кекіре түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және эндем түрлерін биотехнология әдістерімен сақтау (тіндерді өсіру әдісі, криосақтау).
Жобаның міндеттері:
1. Кекіренің сирек және эндем түрлерінің популяцияларын іздеу;
2. In vitro культурасына енгізу және өсімдік бөліктеріне фитохимиялық зерттеулер жүргізу үшін өсімдік материалын жинау;
3. Жалынды ионизациялау детекторымен (GC/FID) және масс-спектрометриялы (GC/MS) газды хроматографияны әдісімен, өсімдік бөліктерінің сандық және сапалық құрамын талдау (кемінде 2 Oxytropis түрі;
4. Асептикалық өсімдіктердің коллекциясын жасау үшін in vitro культурасына енгізілген түрлерді жаппай микроклондық көбейту (кемінде 3 Oxytropis түрі);
5. Асептикалық өсімдіктердің in vitro коллекциясын жасау (кемінде 3 Oxytropis түрі);
6. Тұқымдардың +4°С, -20°С температурада сақталатын коллекциясын, сондай-ақ -196°С температурада сұйық азоттағы криогендік коллекциясын құру (кемінде 3 Oxytropis түрі).
