Сапар барысында Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институты мен «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум дайындалды. Қазіргі уақытта қажетті рәсімдерді аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Меморандум мемлекеттік қызметшілер мен заң кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару, құқықтық білім беру және мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетін дамыту салаларында тәжірибе алмасу бағытындағы ұзақ мерзімді ғылыми, білім беру және сараптамалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Іссапар барысында мемлекеттік қызметшілерге арналған дәрістер, Өзбекстан Республикасы адвокаттарына арналған онлайн дәріс, сондай-ақ халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Талқылау барысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетіне арналған зерттеу нәтижелері таныстырылып, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру саласында халықаралық тәжірибені пайдалану перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар, ғылыми бағдарлама аясында дайындалған «Создание методологических основ развития организационной культуры на государственной службе с учетом трансформации парадигм управления» ұжымдық монографияның таныстырылымы өткізілді. Таныстырылым барысында ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері; мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетін дамытудың әдіснамалық тәсілдері; шетелдік тәжірибені талдау нәтижелері; этикалық стандарттар мен мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одан әрі ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары таныстырылды. Іссапар қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ғылыми бағдарламаның нәтижелері халықаралық академиялық және кәсіби ортада апробациядан өткізілді. Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтымен ғылыми және білім беру байланыстары кеңейтілді. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениеті мен қызметтік әдеп мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Бірлескен ғылыми зерттеулер, жарияланымдық қызмет және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер мен заң кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы одан әрі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар алынды. Ғылыми бағдарлама мен жарық көрген монографияның нәтижелері ғылыми және кәсіби қауымдастық арасында кеңінен насихатталды. Ташкент қаласына жасалған іссапар ғылыми бағдарламаның нәтижелерін халықаралық деңгейде апробациялауды қамтамасыз етуге, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.