ҒЫЛЫМИ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗЕКТІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
ЖТН АР26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» ғылыми жобасы аясында 2025 жылғы 19–20
желтоқсан аралығында Алматы қаласында зертханалық жұмыстар жүргізілді.
Іссапар барысында Қаратал өзенінен алынған су сынамалары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арнайы зертханасында талданды. Зерттеу барысында су сапасының негізгі физика-химиялық көрсеткіштері анықталып, су құрамындағы
ықтимал ластаушы заттарға талдау жасалды.
Алынған нәтижелер ғылыми жоба аясында сарапталып, деректер базасына енгізілді. Жинақталған мәліметтер Қаратал өзені экожүйесіне мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін бағалау бойынша кейінгі зерттеулерде пайдаланылатын болады.


