AP26104341 Жақсартылған тіс жанасуын талдау тәсілін қолдана отырып, жаңа композитті тік беріліс конструкциясын зерттеу
КОРНЕЛЛ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
AP26104341 «Жақсартылған тіс жанасуын талдау тәсілін қолдана отырып, жаңа композитті тік беріліс конструкциясын зерттеу» жобасын іске асыру аясында АҚШ-тың жетекші инженерлік орталықтарының бірі — Корнелл университетіне зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар бағдарламасы Нью-Йорк қаласындағы Cornell Tech кампусында бірнеше күнге созылып, одан кейін университеттің негізгі ғылыми-зерттеу зертханалары орналасқан Итака қаласында жалғасты.
Сапар барысында жобаның жетекші орындаушысы Темірхан Мақсат Сергейұлы механикалық цехтарды, өндірістік алаңдарды және инженерлік зертханаларда болды. Негізгі назар жоғары дәлдікті өңдеудің заманауи технологияларына, композиттік материалдармен жұмыс істеу әдістеріне және прецизиондық тісті берілістерді дайындау үдерістеріне аударылды. Сонымен қатар механикалық сынақтардың өзекті тәжірибелері, цифрлық жобалау үрдістері және прототиптерді дайындау әдістері зерттелді.
Жүргізілген барлық іс-шаралар жаңа буынды композиттік тісті берілістерді әзірлеуге бағытталған зерттеу жұмысының маңызды бөлігі болды. Жобадағы басты басымдық — беріліс өнімділігі мен беріктігін оңтайландыру үшін тіс контактісін талдаудың жетілдірілген әдісін қолдана отырып, композиттік материалға негізделген тік беріліс конструкциясын әзірлеу.

ТЕХАС УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
2025 жылғы 23–29 желтоқсан аралығында AP26104341 «Жақсартылған тіс жанасуын талдау тәсілін қолдана отырып, жаңа композитті тік беріліс конструкциясын зерттеу» ғылыми жобасы аясында жетекші ғылыми қызметкер Чингис Хармысов АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетіне ғылыми іссапарда болды.
Іссапар барысында Cockrell School of Engineering құрамындағы Walker Department of Mechanical Engineering кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары материалдардың қасиеттерін және түйісу аймағында жүретін беткі процестерді талдау үшін рамандық спектроскопияны қолдануға бағытталды.
Сапардың негізгі мақсаты контактылық өзара әрекеттесулерді талдауда және композиттік тісті берілістерді зерттеу барысында қолданылатын эксперименттік тәсілдер мен деректерді интерпретациялау әдістерімен танысу болды.
