| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | Көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады. |
| 2 | Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті. |
| 3 | Нарықтық экономика негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, экология мәселелерін біледі. |
| 4 | Білім берудің жаңартылған жүйесіне сәйкес сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгерген-оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу. |
| 5 | Білім беру мен жалпы кәсіптік ғылымның дамуының негізгі бағыттары мен перспективаларын, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін біледі. Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық технологиялар білімін қолданады. |
| 6 | Мектепке дейінгі білім берудің ерекшелігін, құндылығын барлық кейінгі білімнің негізі ретінде сезінеді, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті. |
| 7 | Білім беру саланың озық жетістіктеріне негізделген ақпараттық технологияларды түсіну мен білімін көрсетеді, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгерген. |
| 8 | Мектепке дейінгі жастағы балалар организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін талдайды және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыра алады. |