Білім беру бағдарламасы 6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
БББ мақсаты  Рефлексия, мақсатты болжау, диагностикалау, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын қолдана отырып, жүйелендірілген теориялық және практикалық білімді пайдаланып, өзінің кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауап бере алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, психологиялық-педагогикалық қызметті модельдеуге қабілетті бастауыш оқыту саласындағы білікті мамандарды даярлау.
БББ түрі Қолданыстағы  
ҰБШ бойынша деңгей 6
СБШ бойынша деңгей 6
Берілетін академиялық дәреже     Бакалавр 
Оқыту мерзімі  4
Кредиттердің көлемі  240
Оқыту тілі Қазақ, орыс
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні 07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт Педагог
                              Оқытудыңнәтижесі
1 Адамның адамға, қоғамға, ортаға, адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі қарым-қатынас психологиясына, жас мамандардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды біледі
2 Нарықтық экономика негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, экология мәселелерін біледі.
3 Білім берудің жаңартылған жүйесінде – оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым бойынша сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінен білімдерін көрсетеді.
4 Бастауыш білімнің ерекшелігін, құндылығын біледі, мектепке дейінгі, кіші мектеп және жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті.
5 Ақпараттық технологиялардың озық жетістіктеріне негізделген білімді пайдаланады, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгерген.
6 Оқу материалын таңдау кезінде іріктеуді және біріктіруді пайдаланады: қажетті дидактикалық материалдарды өз бетінше дайындайды, бастауыш мектептің оқу үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын қолданады, оқу-тәрбие үдерісінің жобаларын әзірлейді және іске асырады, білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді шешеді
7 Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын және оқу бағдарламаларын, кәсіптік міндеттерді шешуде бастауыш мектептің оқу пәндерін оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесін түсінеді.
8 Ерекше білім беру қажеттілігі бар кіші мектеп оқушысының балаларымен жұмысты жоспарлайды
9 Оқу-тәрбиені жоспарлау кезінде шағын жинақты мектептің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру теориясы мен оқыту әдістемесін талдайды
10 Төменгі сынып оқушы тұлғасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарын талдайды және есепке алады.
11 Білім беруді және жалпы кәсіптік ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларына, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістеріне баға береді.