| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салалларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады |
| 2 | құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті |
| 3 | орта білім беру мазмұнын жаңартылуы жағдайында тәрбиеленушілер мен білім алушылар даму үрдісінің физиологиялық, функционалдық ерекшеліктері мен жеке білім алу қажеттіліктерін ескеріп оқу-тәрбие үрдістерін болжауға, жоспарлауғажәне басқаруға қабілетті |
| 4 | кәсіби қызметті атқару барысында туындайтын физикалық және экономикалық-географиялық міндеттерді шешуге қажетті табиғат пен қоғамды зерттеудің заманауи ғылыми әдістерінің мүмкіндіктерін меңгерген |
| 5 | картометриялық, гидрологиялық, климаттық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін гидрометеорологиялық, геодезиялық құралдарды қолдана отырып, табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдар мен заңдылықтарын түсіндіруге қабілетті |
| 6 | жергілікті жерде түсіру жұмыстарын жүргізу барысында геодезиялық приборларды, табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды зерттеуде электронды картографиялық ресурстарды мен математикалық әдістерді, тақырыптық карталарды құруға графиктік редакторларды қолданады |
| 7 | орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында география сабақтарын жоспарлау және өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық және оқыту нәтижелерін өлшемдік бағалау технологияларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданады |
| 8 | математикалық, географиялық зерттеу, болжау, жобалау әдістерін қолдана отырып, географиялық, экологиялық, экономикалық және өлкетану сипатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады |
| 9 | қазіргі ғаламдық демографиялық, экологиялық, экономикалық және адамзаттың басқа да мәселелерін, дүниежүзінің жеке елдері мен аймақтары шегіндегі сандық карталарды қолданып талдайды |
| 10 | экожүйені қорғау, табиғат ресурстарды және тұған өлке мен аумақтардың сакралды жерлерін тиімді пайдалану шараларын жоспарлайды және ұйымдастырады |