Білім беру бағдарламасы 6B01101 Педагогика және психология
БББ мақсаты  Білім алушылар мен олардың отбасыларына практика мен қоғамның өзекті сұраныстарына сәйкес білікті көмек көрсету үшін білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологияларын меңгерген білікті кадрларды даярлау.
БББ түрі Қолданыстағы  
ҰБШ бойынша деңгей 6
СБШ бойынша деңгей 6
Берілетін академиялық дәреже   Бакалавр  
Оқыту мерзімі  4
Кредиттердің көлемі  240
Оқыту тілі Қазақ, орыс,ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні 07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт Педагог
                              Оқытудыңнәтижесі
1 Білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру кезінде педагогика мен психологияның іргелі білім таныту.
2 Құқықтық, кәсіпкерлік, мәдени және экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінуде инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану.
3 Адамның психоэмоционалды жағдайының ықтимал асқынуларын уақтылы анықтау және алдын-алу және конфликтті жағдайларды шешу үшін адамның дамуының табиғаты, механизмдері, құрылымы және өлшемдері туралы білімді қолдану.
4 Білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару.
5 Қашықтықтан, аралас және дәстүрлі оқыту жағдайында оқыту мен бағалаудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыру.
6 Гендерлік, жас, физиологиялық және мәдени факторлардың әсерін бағалай отырып, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
7 Психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, алынған мәліметтерді өңдеу және түсіндіру.
8 Кәсіби қызметтегі қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, әлеуметтік нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарға бағытталу.
9 Тұлғаның құндылығы мен бірегейлігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен кеңес беруді ұйымдастыру.
10 Командада жұмыс істеу, жеке көзқарасқа танытып, оны дәләлдеу, жаңа шешімдерді ұсыну, әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағытталу .
11 Ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, теориялық, эмпирикалық және математикалық, статистикалық әдістерді қолдана отырып, дербес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру.
12 Білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау және қолдау әдістерін және психологиялық-педагогикалық ағартуды, психологиялық алдын алу мен түзетуді ұйымдастыруда озық психологиялық технологияларды қолдану.