| № |
Оқытудыңнәтижесі |
| 1 |
Білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру кезінде педагогика мен психологияның іргелі білім таныту. |
| 2 |
Құқықтық, кәсіпкерлік, мәдени және экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінуде инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану. |
| 3 |
Адамның психоэмоционалды жағдайының ықтимал асқынуларын уақтылы анықтау және алдын-алу және конфликтті жағдайларды шешу үшін адамның дамуының табиғаты, механизмдері, құрылымы және өлшемдері туралы білімді қолдану. |
| 4 |
Білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару. |
| 5 |
Қашықтықтан, аралас және дәстүрлі оқыту жағдайында оқыту мен бағалаудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыру. |
| 6 |
Гендерлік, жас, физиологиялық және мәдени факторлардың әсерін бағалай отырып, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау. |
| 7 |
Психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, алынған мәліметтерді өңдеу және түсіндіру. |
| 8 |
Кәсіби қызметтегі қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, әлеуметтік нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарға бағытталу. |
| 9 |
Тұлғаның құндылығы мен бірегейлігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен кеңес беруді ұйымдастыру. |
| 10 |
Командада жұмыс істеу, жеке көзқарасқа танытып, оны дәләлдеу, жаңа шешімдерді ұсыну, әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағытталу . |
| 11 |
Ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, теориялық, эмпирикалық және математикалық, статистикалық әдістерді қолдана отырып, дербес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру. |
| 12 |
Білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау және қолдау әдістерін және психологиялық-педагогикалық ағартуды, психологиялық алдын алу мен түзетуді ұйымдастыруда озық психологиялық технологияларды қолдану. |