Білім беру бағдарламасы 6B01408 Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру
БББ мақсаты  Креативті ойлайтын, бәсекеге қабілетті және үнемі өзгеріп отыратын шығармашылық педагогикалық қызмет жағдайларына жақсы бейімделген, көпмәдениеттілікті, коммуникативтілікті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті меңгерген, әскери-патриоттық және дене тәрбиесі бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің жоғары білікті мұғалімдерін даярлау.
БББ түрі Жаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліОрыс, қазақ
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                            Результаты обучения
1Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі тұрғысынан көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникация кезінде белсенді азаматтық ұстаным таныту
2Білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара білу.
3Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру.
4Сабақтар мен іс-шараларды өткізу барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың заманауи әдістерін қолдану.
5Білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту нәтижелері мен бағалау әдістерін жобалау.
6Жастарды Бастапқы әскери даярлау міндеттерін шешу үшін әскери қызметшілердің мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің негізгі ережелері туралы білімдерін қолдану.
7Білім алушылардың әскери-әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен әдістерін меңгеру.
8Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс саласындағы ғылыми білім жүйесін талдау.
9Дене шынықтыру мен спорттағы этникалық ерекшеліктерді ескере отырып, білім алушылар үшін дене шынықтыру бойынша жеке және топтық сабақтар өткізеді
10Оқу процесінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану, балалар жарақатының алдын-алу шараларын сақтау.
11Жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ өткізу үшін оқушылардың физикалық қабілеттері мен функционалдық жағдайын бағалау.
12Дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолданып, білім беру, жаттығу және жарысу процестерінің мазмұнын әзірлеу.