№ | Оқытудыңнәтижесі |
1 | Жеке тұлға дамуының жеке психологиялық факторларын саралай отырып, психологиялық ғылымның проблемалары туралы іргелі білімді көрсету. |
2 | Құқықтық, кәсіпкерлік, мәдени, экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдану. |
3 | Адамның психоэмоционалды жағдайының ықтимал асқынуларын уақтылы анықтау, алдын-алу және конфликтті жағдайларды шешу үшін адамның дамуының табиғаты, механизмдері, құрылымы және өлшемдері туралы білімді қолдану. |
4 | Гендерлік, жас ерекшелік, физиологиялық және мәдени факторлардың әсерін бағалай отырып, тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін талдау. |
5 | Кәсіби қызметте қоғамдық пікірге, дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарға бағытталу. |
6 | Жеке тұлғаның құндылығы мен бірегейлігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жеке тұлға мен топтардың қызметіне психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. |
7 | Командада жұмыс істеу, жаңа шешімдерді ұсынудың, әр түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдарлаудың жеке көзқарасын сақтай және дұрыс қорғай білу. |
8 | Ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, теориялық, эмпирикалық және математикалық, статистикалық әдістерді қолдана отырып, психологиялық зерттеуді өз бетінше жоспарлау және ұйымдастыру. |
9 | Тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі кемелдендіру процестерін сүйемелдейтін психологтың білім беру қызметіндегі инновацияларды бағалау және қолдану. |
10 | Психологиялық диагностика жүргізу, алынған деректерді өңдеу және түсіндіру. |
11 | Клиенттің мәселелерін және оның жеке ерекшеліктерін жақсы түсінуге бағытталған жұмыстың арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, жеке және топтық кеңес беру көмегін көрсету. |
12 | Ауытқуды түзетуге бағытталған жеке тұлғаның белгілі бір психикалық функцияларына, қасиеттеріне немесе мінез-құлқына әсер ететін психокоррекциялық жұмысты жүргізу. |