| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен процестерді ұғынуға инновациялық тәсілдерді қолдана білу және бағалау тәсілдерін біледі |
| 2 | Ақпараттық технологияларды біледі және ақпаратты басқару дағдыларын меңгерген |
| 3 | ҚР-да бизнесті ұйымдастырудың заңнамалық базасы мен принциптерін біледі |
| 4 | Теориялық білімді практикалық қызметте қалай пайдалану керектігін түсінеді, танымның қазіргі ғылыми әдістерін қолдана алады және экономика білімін пайдалана отырып, ғылыми негізде еңбекті ұйымдастыра алады |
| 5 | Кәсіпорынды басқарудың және ұйымдастырудың тиімді нысандарын, олардың ерекшеліктері мен нақты қызмет жағдайларын ескере отырып, қалай таңдау керектігін түсінеді |
| 6 | Экономика, маркетинг және менеджмент саласында отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана алады |
| 7 | Әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын пайдаланады және уақытты тиімді жоспарлай және басқара алады |
| 8 | Кәсіби қызметте мақсаттар мен міндеттерді анықтай алады |
| 9 | Бизнес-жоспарларды әзірлей алады және жобаларды басқара алады |
| 10 | Кәсіпорын қызметінің қол жеткізілген нәтижелерін бағалайды және салыстырмалы талдау жүргізеді |
| 11 | Кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудің өзгермелі экономикалық жағдайларын бағалайды және басқарушылық шешімдер қабылдайды |