№ | Результаты обучения |
1 | Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті |
2 | Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы алған білімдеріне негізделген құқықтық қағидаларды, заңнаманы және бұрынғы сот шешімдерін зерделеу. Студент Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының негіздерін тарихи және теориялық тұрғыда айқындай алады |
3 | Құқықтық жағдайлар бойынша кең мәселелері жөнінде кеңес береді, кәсіпкерліктегі клиенттердің заңды мүдделерін білдіреді; құқықтық мәселелердің негіздері бойынша келісімді жүргізеді; қолданыстағы заңнамаға негізделген заңдар мен үкіметтің қаулыларын жобасын құрастыра алады; |
4 | Қылмыстық (әкімшілік) құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларын қолданып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, прокуратура, соттарда қорғау және айыптау істерін жүргізеді, қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдіктілердің (айыпталушылардың) және жәбірленуші тұлғалардың мүддесін білідреді, қылмыстық (әкімшілік) заңнамалары бойынша, нақты қылмыстық (әкімшілік) істермен байланысты қылмыстық (әкімшілік) құқықбұзушылықтың құрамын айқындайды, қылмыстарды санаттар бойынша саралайды, сотқа дейінгі тергеп тексеру және сот органдарыныцң заң актілері мен алдыңғы шешімдерін, қылмыстық (әкімшілік) құқықтың қағидаларын бағалайды және зерттейді |
5 | кәсіпкерліктегі клиенттердің заңды мүдделерін білдіреді, сотта тұлғалардың қорғауын жүзеге асырады, медиация арқылы дауларды шешеді және келісімге апарады, қылмыстық (әкімшілік) істі қозғау немесе қорғау үшін дәлелдемелерді бағалайды және біріктіреді, істерді қабылдап сотта адвокат (қорғаушы), мемлекет атынан прокурор ретінде қатысады, келісім-шарттар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және өсиетхат сияқты құқықтық құжаттарды жасайды, сондай-ақ заңды қорытындыларды дайындайды |
6 | Ағылшын тілін академиялық деңгейде жазу және сөйлеу қабілетіне ие, ұлттық және халықаралық аспектіде құқықтық терминологияны біледі, сондай-ақ аударма ісін қолдана алады |
7 | Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық сот ісін жүргізудегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды дамытуға арналған дәлелдерін бағалайды және бекітеді, азаматтық іс жүргізуде клиенттің заңды мүдделерін қорғайды, азаматтық істерді қарау мен шешуге төрағалық етеді, процессуалдық нормалардың міндетті нысанда және шешімдердің түсінік беруді жүзеге асырады, дәлелдемелердің қабылдануына және қаралып жатқан азаматтық істің жағдайы туралы шешім қабылдайды |
8 | Қылмыстық (әкімшілік) сот ісін жүргізудегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды дамытуға арналған дәлелдемелерін бағалайды және бекітеді, қылмыстық істерді байланыстырады және айқындайды, үкім қаулысын әзірлейді, дәлелдемелердің жарамдылығы жайында, айыпталушының және жәбірленушінің жауапкершілік дәрежесі бойынша және тұлғаның кінәлілігі немесе кінәсіздігі жайында шешім шығарады, қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша сот отырыстарында және тыңдауларда төрағалық етеді, сот шешіміне түсіндірме беруді жүзеге асырады, бұлтартпау шараларын тағайындайды, қылмыстық істер бойынша айыпталушыларға айыптау үкімін шығарады, қылмыстық процесстегі азаматтық талап бойынша залалдың мөлшерін анықтайды |
9 | Криминалистикалық техниканы қолданып дәлелдемелерді бағалау және алу, дәлелдеме фактілерін бағалайды, тергеу эксперименттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді қарсы қойып салыстырады, сондай-ақ қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің тиімділігін арттыру және жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін тактикалық операциялар мен әдістерді жоспарлап, ұсынады |
10 | Сот сараптамасы саласындағы арнайы білімді пайдалана отырып, қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік іс материалдарын бағалайды және берілген сот дәлелдемелері бойынша сараптамалық қорытынды береді |
11 | Қылмыстық және азаматтық атқарушылық іс жүргізудің құқық қолдану практикасында заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды |