Білім беру бағдарламасы6B04201 Құқықтану
БББ мақсаты Құқықтық нормаларды әзірлеу, жүзеге асыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық тәрбие және білім беру саласында, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ іргелі білім мен кәсіптік құзыреттілігі жоғары, білікті заңгерлерді сапалы дайындау болып саналады
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліОрыс, қазақ, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартҰБШ және СБШ негізінде, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген
                            Результаты обучения
1Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті
2Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы алған білімдеріне негізделген құқықтық қағидаларды, заңнаманы және бұрынғы сот шешімдерін зерделеу. Студент Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының негіздерін тарихи және теориялық тұрғыда айқындай алады
3Құқықтық жағдайлар бойынша кең мәселелері жөнінде кеңес береді, кәсіпкерліктегі клиенттердің заңды мүдделерін білдіреді; құқықтық мәселелердің негіздері бойынша келісімді жүргізеді; қолданыстағы заңнамаға негізделген заңдар мен үкіметтің қаулыларын жобасын құрастыра алады;
4Қылмыстық (әкімшілік) құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларын қолданып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, прокуратура, соттарда қорғау және айыптау істерін жүргізеді, қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдіктілердің (айыпталушылардың) және жәбірленуші тұлғалардың мүддесін білідреді, қылмыстық (әкімшілік) заңнамалары бойынша, нақты қылмыстық (әкімшілік) істермен байланысты қылмыстық (әкімшілік) құқықбұзушылықтың құрамын айқындайды, қылмыстарды санаттар бойынша саралайды, сотқа дейінгі тергеп тексеру және сот органдарыныцң заң актілері мен алдыңғы шешімдерін, қылмыстық (әкімшілік) құқықтың қағидаларын бағалайды және зерттейді
5кәсіпкерліктегі клиенттердің заңды мүдделерін білдіреді, сотта тұлғалардың қорғауын жүзеге асырады, медиация арқылы дауларды шешеді және келісімге апарады, қылмыстық (әкімшілік) істі қозғау немесе қорғау үшін дәлелдемелерді бағалайды және біріктіреді, істерді қабылдап сотта адвокат (қорғаушы), мемлекет атынан прокурор ретінде қатысады, келісім-шарттар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және өсиетхат сияқты құқықтық құжаттарды жасайды, сондай-ақ заңды қорытындыларды дайындайды
6Ағылшын тілін академиялық деңгейде жазу және сөйлеу қабілетіне ие, ұлттық және халықаралық аспектіде құқықтық терминологияны біледі, сондай-ақ аударма ісін қолдана алады
7Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық сот ісін жүргізудегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды дамытуға арналған дәлелдерін бағалайды және бекітеді, азаматтық іс жүргізуде клиенттің заңды мүдделерін қорғайды, азаматтық істерді қарау мен шешуге төрағалық етеді, процессуалдық нормалардың міндетті нысанда және шешімдердің түсінік беруді жүзеге асырады, дәлелдемелердің қабылдануына және қаралып жатқан азаматтық істің жағдайы туралы шешім қабылдайды
8Қылмыстық (әкімшілік) сот ісін жүргізудегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды дамытуға арналған дәлелдемелерін бағалайды және бекітеді, қылмыстық істерді байланыстырады және айқындайды, үкім қаулысын әзірлейді, дәлелдемелердің жарамдылығы жайында, айыпталушының және жәбірленушінің жауапкершілік дәрежесі бойынша және тұлғаның кінәлілігі немесе кінәсіздігі жайында шешім шығарады, қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша сот отырыстарында және тыңдауларда төрағалық етеді, сот шешіміне түсіндірме беруді жүзеге асырады, бұлтартпау шараларын тағайындайды, қылмыстық істер бойынша айыпталушыларға айыптау үкімін шығарады, қылмыстық процесстегі азаматтық талап бойынша залалдың мөлшерін анықтайды
9Криминалистикалық техниканы қолданып дәлелдемелерді бағалау және алу, дәлелдеме фактілерін бағалайды, тергеу эксперименттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді қарсы қойып салыстырады, сондай-ақ қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің тиімділігін арттыру және жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін тактикалық операциялар мен әдістерді жоспарлап, ұсынады
10Сот сараптамасы саласындағы арнайы білімді пайдалана отырып, қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік іс материалдарын бағалайды және берілген сот дәлелдемелері бойынша сараптамалық қорытынды береді
11Қылмыстық және азаматтық атқарушылық іс жүргізудің құқық қолдану практикасында заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды