Білім беру бағдарламасы6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
БББ мақсаты Бакалаврларды дайындау үшін кәсіби қызметте қажетті фундаменталды білімді, білік пен құзыреттілікті қалыптастыру, тілдік дайындық, ақыл-ой, экологиялық, дене және этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру, патриотизм, төзімділік рухында тәрбиелеу қажет
БББ түріәрекететуші
ҰБШ бойынша  деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс,ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.
2Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті.
3Нарықтық экономика негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, экология мәселелерін біледі.
4Білім берудің жаңартылған жүйесіне сәйкес сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгерген-оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу.
5Білім беру мен жалпы кәсіптік ғылымның дамуының негізгі бағыттары мен перспективаларын, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін біледі. Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық технологиялар білімін қолданады.
6Мектепке дейінгі білім берудің ерекшелігін, құндылығын барлық кейінгі білімнің негізі ретінде сезінеді, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті.
7Білім беру саланың озық жетістіктеріне негізделген ақпараттық технологияларды түсіну мен білімін көрсетеді, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгерген.
8Мектепке дейінгі жастағы балалар организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін талдайды және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыра алады.