№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту қабілеті. Әлеуметтік құбылыстарды сыни талдауға қабілетті және дайын; қоғам дамуының қандай да бір аспектісіне сын тұрғысынан қарайды, пікірталастарда белгілі бір ұстанымға сүйенеді және өз пікірін білдіре алады |
2 | әлеуметтендіруге және еңбек қызметіне қабілетті; ғылыми жұмыспен өз бетінше айналыса алады; күрделі жобаларды ұйымдастыру және басқару тәсілдерін біледі |
3 | білім беру кеңістігінің жаңа және күрделі жағдайларына бейімделуге дайын: ақпаратты және коммуникацияны меңгерудің жаңа технологияларын қолдана алады, туындаған қиындықтар алдында төзімділік көрсете алады |
4 | ғылыми қызметті ұйымдастыру қағидалары мен құрылымын, сондай-ақ магистрлік диссертацияны жазуда ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетеді; ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық түрде жеткізе алады |
5 | зерттеу үрдісінің логикасы мен жоспарлау мәселелерінде, зерттеудің құрылымдық компоненттеріне қойылатын әдіснамалық талаптар мәселелерінде ғылыми шығармашылық әдістемесін меңгерген |
6 | кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдыларына ие; ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық түрде дұрыс жеткізе алады |
7 | білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті; ғылыми-зерттеу қызметі, стандартты ғылыми міндеттерді шешу дағдылары бар |
8 | психологиялық диагностиканың әдістері мен құралдарын біледі, кеңес бере алады, білім беру үдерісіне қатысушылардың кәсіби қызметіне талдау жүргізе алады |
9 | әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру дағдылары бар; аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызметі; зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау |
10 | кәсіби құзыреттілік шеңберінде өз шешімдері үшін жауапкершіліктерін қабылдауға, мәселелік жағдайларда стандартты емес шешімдерді әзірлеуге қабілетті; күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету біледі |