Білім беру бағдарламасы

01201 Мектепкедейінгіоқытужәнетәрбиелеу

БББ мақсаты 

Магистрлік бағдарлама мектепке дейінгі білім беру саласында еңбек нарығында сұранысқа ие, мектепке дейінгі ұйымның әртүрлі типтерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және басқаруға қабілетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлауға, мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде мектепке дейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, бейімдеуге, іске асыруға бағытталған

БББ түрі

Қолданыстағы

ҰБШ бойыншадеңгей

7

СБШ бойыншадеңгей

7

Берілетін академиялық дәреже  

магистр

Оқыту мерзімі 

1 жыл

Кредиттердің көлемі 

60

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекітукүні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Педагог

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

шетел көздерінен кәсіби мазмұнды ақпарат алу үшін қажетті көлемде шет тілін меңгерген, ғылыми хат жазысуды жүргізу, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындау дағдыларына ие; әртүрлі қызмет түрлеріндегі жеке қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін іске асырады, ауызша және жазбаша түрде өз ұстанымын білдіреді

2

білім беру жүйесіндегі басқару қызметінің шарттары мен ерекшеліктерін, коммуникацияның психологиялық заңдылықтарын талдайды және кәсіби қызметте ұжым мен кіші топ психологиясының негізгі ережелерін, топтық динамика үдерістеріндегі Көшбасшының рөлін, көшбасшылық, басшылық пен менеджмент арасындағы айырмашылықтарды ескереді

3

әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау кезінде білім беру процесіне қатысушылардың этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарының негізгі даму тенденцияларын талдайды, білім беру үдерісінде балалардың этномәдени бейімделу бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастырады

4

кәсіби қызметте тиімді қарым-қатынас техникасы мен тәсілдерін қолданады және негіздейді, мектепке дейінгі жастағы балалар тобында тұлғааралық қарым-қатынас құру тәсілдерін, сондай-ақ олармен және олардың ата-аналарымен өзара іс-қимыл түрлері мен әдістерін, негізгі категорияларын, педагогикалық шеберлік құрылымындағы ұғымдарды қолданады

5

ғылыми мәселелерді тереңдете зерттеу, қойылған міндеттерді дәйекті шешу және алынған нәтижелерді мұқият тексеру дағдыларын меңгерген; қойылған ғылыми міндеттерді тереңдете өңдеу үшін пәнаралық әдістерді жүйелейді, зерттеудің өзіндік әдістерін әзірлейді,белгілі зерттеу әдістерін өз әзірлемелерімен салыстырады

6

мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың әртүрлі әдістерінің, тәсілдерінің, технологияларының, формаларының педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайды; психодиагностикалық әдістемелер мен психометриялық рәсімдерді қолданады; педагогикалық мәселелерді шешу және педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты табады және талдайды

7

кәсіби міндеттерді шешу үшін теорияны қолдану процесінде алынған нәтижелерді трансляциялау кезінде кері байланыстарды тиімді ұйымдастырады; этикалық нормалар тұрғысынан кәсіби қарым-қатынасты сауатты құрады

8

ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты жоспарлайды, мектепке дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеу ерекшеліктерін, ата-аналар мен балалардың отбасындағы өзара қарым-қатынасын зерттейді, отбасымен жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, педагогикалық процесті басқарудың әдістерін, тәсілдерін және құралдарын біледі

9

алған білімдерін оқытудың келесі кезеңдерінде, сондай-ақ кәсіби қызметінде пайдаланады, мектепке дейінгі мекемеде оқытудың мазмұны мен технологияларын әзірлеу әдістемесін меңгерген және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолданады