№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | Басқару психологиясының негізгі аспектілерін; басқару өсуінің өзіндік перспективаларын ұғыну қажеттілігін көрсету |
2 | Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби және ғылыми қызметте шет тілін игергенін көрсету |
3 | Қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруді реформалаудың өзекті мәселелерін талдау, химияны оқытудың заманауи инновациялық технологияларын пайдалана отырып, педагогикалық-психологиялық және әдістемелік білім кешенін, педагогикалық еңбек пен зерттеу жұмысын ұтымды ұйымдастыруды ескере отырып, оқу процесін модельдеу |
4 | Экологиялық химия саласындағы ақпаратты түсіндіру және қорыту, қоршаған орта объектілерін талдаудың қазіргі заманғы химиялық және физика-химиялық әдістерін пайдалану |
5 | Тарихи және философиялық ғылымдар, ғылыми-жаратылыстану әдістемелері, әлеуметтік гуманитарлық және техникалық білімдер негізінде қазіргі практикалық және теорилық жағдайды сараптау және мағыналау |
6 | Қойылған міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын таңдай отырып, бейорганикалық, аналитикалық, коллоидтық, физикалық химия және білім беру технологиялары саласындағы ғылыми зерттеудің заманауи мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау |
7 | Химия саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен ақпараттық технологияларын қолдана білу |
8 | Заттар мен материалдарды зерттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру үшін физика-химиялық зерттеулердің іргелі және заманауи білімдері мен әдіснамасын пайдалана отырып, нақты теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын қолдану |
9 | Органикалық және бейорганикалық синтездің химиялық процестерінің жүру механизмін түсіндіру, химиялық процестің өтпелі күйлерін, молекулалардың реактивтілігін бағалау үшін реакциялардың статикалық және динамикалық факторларының әсерін талдау |
10 | Өз бетінше ғылыми және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулер жүргізу, зерттелетін мәселе бойынша қорытындылар мен шешімдер жасау |