Білім беру бағдарламасы7M01507 Химия
БББ мақсаты  Химияның әртүрлі бағыттары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи білім беру мекемелері тарапынан талап етілетін, динамикалық түрде өзгеретін әлеуметтік және кәсіптік қызмет жағдайына бейімделген, тереңдетілген теориялық және тәжірибелік жеке дайындығы бар жоғары білікті ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау. 
БББ түрі Жаңа БББ
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Басқару психологиясының негізгі аспектілерін; басқару өсуінің өзіндік перспективаларын ұғыну қажеттілігін көрсету
2Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби және ғылыми қызметте шет тілін игергенін көрсету
3Қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруді реформалаудың өзекті мәселелерін талдау, химияны оқытудың заманауи инновациялық технологияларын пайдалана отырып, педагогикалық-психологиялық және әдістемелік білім кешенін, педагогикалық еңбек пен зерттеу жұмысын ұтымды ұйымдастыруды ескере отырып, оқу процесін модельдеу
4Экологиялық химия саласындағы ақпаратты түсіндіру және қорыту, қоршаған орта объектілерін талдаудың қазіргі заманғы химиялық және физика-химиялық әдістерін пайдалану
5Тарихи және философиялық ғылымдар, ғылыми-жаратылыстану әдістемелері, әлеуметтік гуманитарлық және техникалық білімдер негізінде қазіргі практикалық және теорилық жағдайды сараптау және мағыналау
6Қойылған міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын таңдай отырып, бейорганикалық, аналитикалық, коллоидтық, физикалық химия және білім беру технологиялары саласындағы ғылыми зерттеудің заманауи мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау
7Химия саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен ақпараттық технологияларын қолдана білу
8Заттар мен материалдарды зерттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру үшін физика-химиялық зерттеулердің іргелі және заманауи білімдері мен әдіснамасын пайдалана отырып, нақты теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын қолдану
9Органикалық және бейорганикалық синтездің химиялық процестерінің жүру механизмін түсіндіру, химиялық процестің өтпелі күйлерін, молекулалардың реактивтілігін бағалау үшін реакциялардың статикалық және динамикалық факторларының әсерін талдау
10Өз бетінше ғылыми және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулер жүргізу, зерттелетін мәселе бойынша қорытындылар мен шешімдер жасау