№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | ғылым тарихы дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдейді; ғылыми сананың дамуындағы заманауи процестерді, философиялық мәселелерді топтастыра алады. Тәжірибелік міндеттерді жылдам шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдысын игереді, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, теориялық білімін кәсіби қызметінде пайдаланады. |
2 | шетел тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты қисынды және жүйелі түрде құрады; шетел тілін көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде пайдаланады. Шетел тілін ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, жоғары оқу орнында арнайы пән жүргізе алатын кәсіби деңгейде меңгерген. Тілдік қатысымдық құзыреттілігі, педагогикалық шешен сөйлеуі, қатысымдық стратегиялық дағдылары қалыптасқан. |
3 | жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оқытуды ұйымдастырады, білім беруде басты педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстанудың жолдарын айқындайды, оқытудың құрылымы мен қызметін, ұйымдастыру қағидаларын ұстанады. Басқару психологиясының негізгі әдістері мен менеджмент теориясын меңгеріп, әлеуметтік-педагогикалық жобалау мен болжау мүмкіндіктеріне қол жеткізеді; тәжірибелік іскерліктерді меңгерген, қызметке қатысты креативті шешім қабылдай алады; әріптестермен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орната алады. Білім беру нарығы талабына сәйкес қызмет түрі мен сипатының өзгеруіне кәсіби тұрғыдан дайын болады. |
4 | қазіргі қазақ тілі салаларының жүйесіне қатысты ғылымда зерттеліп тұрақталған тұжырымдарды бағалайды және сараптайды; тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін, тілдік бірліктерді когнитивтік, концептуалдық, гендерлік тұрғыда талдап, түркі тілдерімен байланысын ғылыми тұрғыда негіздей алады.Тіл білімінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын зерттеуге қабілетті және латын әліпбиіне негізделген жаңа емле ережелерін кәсіби қызметінде пайдаланады. |
5 | тіл біліміндегі жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін саралайды, қазіргі білім парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивті лингвистика, медиамәтін, лингвоэкология, терминология бағыттарындағы жаңа концептуалдық теорияларды тәжірибеде қолдана алады. Лингвистика мен лингводидактика теориясының заманауи ғылыми-зерттеу трендтерін сыни түрде талдайды; лингвистикалық пәндер шеңберінде алған білімдерін интеграциялауға, зерттеушілік мәселелерді шешуде пайдалануға дайын. |
6 | қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесінің қалыптасу үрдістері мен заңдылықтарын, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, басқа ғылым салаларымен өзара байланысын, қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен көркемдік-идеялық жағынан ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалап, жаңа тұжырымдар жасай алады. Филологияның теориялық мәселелері жайлы жинақтаған әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдайды, бағалайды, салыстырады және соның негізінде ғылыми-теориялық көзқарас қалыптастырады, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырады. |
7 | қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңдік жағдаяттардан туындайтын ағымдар мен әдістердің концептуалдық негіздерін саралайды, әдеби ағымдар мен әдістерді айқындау арқылы шығармашылық жетістік пен кемшіліктерді талдау жолдарын меңгереді, Өлең теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктерін, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттерін зерделейді; өлең теориясы заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану, семиотика ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырып, поэтика, стиль бағытында ғылыми тұрғыда бағалайды өзіндік тұжырым жасай алады. |
8 | пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, заманауи технологияларды, әдіс- тәсілдерді тиімді қолданады, педагогикалық диагностика жасап, нәтижесін педагогикалық қызметінде пайдаланады. Филологиялық пәндерді жоғары мектепте оқыту әдістемесі ғылымының әлемдік және отандық тәжірибелерін қолданады. Заманауи білім беру парадигмасы контексіндегі педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдейді; кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлайды және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асырады. |
9 | гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеудің жаңа технологиялары мен әдістерін меңгеріп, теорияларды, ғылыми тұжырымдарды ғылыми-әдіснамалық тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстырады, зерттеушілік және ғылыми еңбек жаза алады, ғылыми еңбегін өнім ретінде ғылыми айналымға енгізеді. |
10 | филологиялық білім мен ғылымның лингвистикалық, әдеби, педагогикалық, герменевтикалық, семиотикалық, эстетикалық, философиялық және тарихи-мәдени негіздерін меңгереді, филологиялық зерттеулер үдерісін жоспарлаудың, іске асырудың, рәсімдеудің әдістемесін біледі және ғылыми қызметінде қолдана алады. |