Білім беру бағдарламасы

7M01702 Орыс тілі мен әдебиеті

БББ мақсаты 

 

Бағдарлама жоғары оқу орындарында филология пәндерінің оқытушысы немесе орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі курсының оқытушысы, зерттеуші, сарапшы, ғылыми қызметкер ретінде табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды беруге арналған.

БББ түрі

Жаңа  БББ

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

БББ айрықша ерекшеліктері

Жоқ

Берілетін академиялық дәреже  

Бакалавр

Оқыту мерзімі 

2

Кредиттердің көлемі 

120

Оқыту тілі

Орыс

Басқарма отырысында  БББ бекіту күні

07.04.2021 (хаттама № 4)

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Тіл жүйелерінің дамуы мен қызмет етуінің филологиялық заңдылықтары, тіл білімінің даму бағыттары мен кезеңдері туралы білімдерін қолданады; лингвистиканың заманауи міндеттерін анықтайды; қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерін талдайды.

2

Орыс және шетел әдебиетінің негізгі бағыттары мен мектептерінің ерекшеліктерін анықтайды; әлемдік әдеби үдерістің дамуы, әдебиеттанудың қазіргі бағыттары туралы білімдерін қолданады; көркем шығармаларды түсіндіреді.

3

Шетел тілінде логикалық және жүйелі тұрғыда ауызша және жазбаша қарым-қатынас құрады; шетел тілін көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде пайдаланады, кәсіби деңгейде шет тілін жетік біледі.

4

Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып білім беруде ұйымдастырады, білім берудегі негізгі педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстану жолдарын анықтайды, басқару психологиясы мен менеджмент теориясының негізгі әдістерін меңгерген, әлеуметтік-педагогикалық жобалау және болжау мүмкіндіктерін қолданады; практикалық дағдыларды игереді, қызметке қатысты креативті шешімдер қабылдайды; әріптестерімен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орнатады.

5

Ғылым тарихы мен жаңа концептуалдық идеялардың даму бағыттарын өзіндік көзқарас тұрғысынан дәлелдейді; ғылыми сананың заманауи даму үрдістерін, философиялық мәселелерін анықтайды, іс-тәжірибелік  мәселелерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгерген, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіреді, теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолданады.

6

Қазіргі антропоөзекті парадигма саласындағы концептуалды зерттеулерге талдау жасайды; сөз бен мәтінге лексикалық талдау жүргізеді; әртүрлі ғылыми концепцияларды түсіндіру дағдыларын меңгерген; тілдік құбылыстарды сын тұрғысынан талдайды.

7

Әртүрлі жанрлар мен стильдердің шығармаларын, әдеби ағымдардың ерекшеліктерін және олардың ең жарқын өкілдерінің поэтикалық шығармашылығын талдайды; әртүрлі пішіндер мен стильдегі мәтіндерді өңдейді және жазады.

8

Жоғары мектепте оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдердің мазмұнын қорытады; лингводидактика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды.

9

Біліктілік жұмысын жазу барысында алған білімін синтездейді; пікірталастарда белгілі бір позицияны қорғайды және өз пікірін білдіре алады.

10

Оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды жасайды және бағалайды; ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асырады.