Білім беру бағдарламасы                 7M04110 Денсаулық сақтаудағы менеджмент
БББ мақсаты Қолда бар ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану кезінде қоғамдық денсаулық сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін басқару дағдылары бар жоғары білікті менеджерлерді даярлау.
БББ түріЖаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 1
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліқазақ
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт 
                             Оқытудың нәтижесі
1Экономиканың қауіп-қатері, бәсекелестігі және жаһандануы жағдайында стратегиялық басқару шешімдерін әзірлеу кезінде стратегиялық менеджменттің қазіргі заманғы тәсілдерін, құралдары мен әдістерін қолдану
2Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қазіргі заманғы талдамалық құралдарды қолдана отырып, бизнес зерттеулер жүргізу
3Мәдениетаралық ортада кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іскерлік және басқарушылық коммуникацияларды шетел тілінде қолдану дағдыларын меңгеру
4Нақты деректерді талдауды қолдана отырып, денсаулық сақтау саласында кәсіби зерттеулер жүргізу
5Экономикалық талдау негізінде әртүрлі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жоспарлау және болжау
6Мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, маркетингтік стратегияларды, бағдарламаларды әзірлеу және жоспарлауды ұйымдастыру үшін медициналық қызметтер нарығының ерекшеліктерін талдау
7Құқықтық және психологиялық реттеу қағидаттары негізінде жанжалды және даулы жағдайларды болдырмау және шешу
8Әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолдана отырып, денсаулық сақтау ұйымының қызметіндегі тәуекелдерді басқару
9Стресс факторларын бағалау және стресстік жағдайлардан туындаған жағымсыз салдарлар мен кәсіби тәуекелдерді жеңу әдістемесін қолдану
10Қызметкерлердің көшбасшылық әлеуетін бағалау және тұрақсыздық жағдайында медициналық мекемелер персоналының даму жоспарларын әзірлеу арқылы персоналды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру
11Денсаулық сақтау жүйесінде тиімді ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдерді басқарудың стратегиялық тәсілдерін әзірлеу