| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | Экономиканың қауіп-қатері, бәсекелестігі және жаһандануы жағдайында стратегиялық басқару шешімдерін әзірлеу кезінде стратегиялық менеджменттің қазіргі заманғы тәсілдерін, құралдары мен әдістерін қолдану |
| 2 | Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қазіргі заманғы талдамалық құралдарды қолдана отырып, бизнес зерттеулер жүргізу |
| 3 | Мәдениетаралық ортада кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іскерлік және басқарушылық коммуникацияларды шетел тілінде қолдану дағдыларын меңгеру |
| 4 | Нақты деректерді талдауды қолдана отырып, денсаулық сақтау саласында кәсіби зерттеулер жүргізу |
| 5 | Экономикалық талдау негізінде әртүрлі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жоспарлау және болжау |
| 6 | Мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, маркетингтік стратегияларды, бағдарламаларды әзірлеу және жоспарлауды ұйымдастыру үшін медициналық қызметтер нарығының ерекшеліктерін талдау |
| 7 | Құқықтық және психологиялық реттеу қағидаттары негізінде жанжалды және даулы жағдайларды болдырмау және шешу |
| 8 | Әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолдана отырып, денсаулық сақтау ұйымының қызметіндегі тәуекелдерді басқару |
| 9 | Стресс факторларын бағалау және стресстік жағдайлардан туындаған жағымсыз салдарлар мен кәсіби тәуекелдерді жеңу әдістемесін қолдану |
| 10 | Қызметкерлердің көшбасшылық әлеуетін бағалау және тұрақсыздық жағдайында медициналық мекемелер персоналының даму жоспарларын әзірлеу арқылы персоналды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру |
| 11 | Денсаулық сақтау жүйесінде тиімді ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдерді басқарудың стратегиялық тәсілдерін әзірлеу |