№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады |
2 | Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы алған білімдеріне негізделген құқықтық қағидаларды, заңнаманы және бұрынғы сот шешімдерін зерделеу. Студент Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының негіздерін тарихи және теориялық тұрғыда айқындай алады |
3 | мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды танудың жаңа идеяларын, тәсілдерін және әдістерін құруға елеулі үлес қосып, теориялық және / немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті |
4 | Азаматтық құқық институтарының теория мен практикалық мәселелерін басқа құқық салалардың нормаларынан ажыратады және топтастырады, оларды басқа мемлекеттердің заңдарымен түсіндіреді және салыстырады, ситуациялық тапсырмаларды орындау кезінде өз пікірін қалай білдіруді біледі |
5 | қылмыстық заңнамалары бойынша, нақты қылмыстық істермен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамын айқындайды, қылмысты қылмыстық құқықбұзушылықтан ажыратады және саралайды, қылмыстық заңнаманы және пенитенциярлық криминологияның негізгі институттарын салыстырады және түсіндіреді, қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің нормаларын қолданып ситуациялық тапсырмаларды шешуде өз ойларын қалыптастыра алады және мысалдар келтіре алады |
6 | Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде азаматтық процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие |
7 | Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасының нормаларын қолданудың басқа салалардың нормаларынан ажыратып көрсетеді, қылмыстық процесске қатысушыларды топтастырады, қылмыстық істерді бөледі және біріктіреді, үкім қаулысын әзірлейді, Отандық қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы өндірісі жайында қорытындылар шығарады |
8 | Отандық заңнамасына сай теория және тәжірибелік аспектіде әкімшілік процесстің институттарының теория мен тәжірибелік мәселелерін талдау қабілеттеріне ие |
9 | криминалистикалық техниканы қолданып дәлелдемелерді бағалау және алу, дәлелдеме фактілерін бағалайды, тергеу эксперименттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді қарсы қойып салыстырады, сондай-ақ қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің тиімділігін арттыру үшін тактикалық операциялар мен әдістерді жоспарлап, ұсынады |