Білім беру бағдарламасы01101 Педагогика және психология
БББ мақсаты жалпы білім беру ұйымдарында әртүрлі қызмет түрлерін орындау үшін педагогикалық кадрларды дайындау, кәсіби орта және жоғары білімді, фундаменталды ғылыми-базалық білімі бар, ғылыми жұмыстың әдіснамасынан хабардар, заманауи технологиялық және ақпараттық технологияларды меңгерген кадрларды дайындау; ғылыми-педагогикалық жұмысты және ғылыми-зерттеу жұмфысын өз бетімен орындай алу қабілеті бар кадрларды дайындау.
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту қабілеті. Әлеуметтік құбылыстарды сыни талдауға қабілетті және дайын; қоғам дамуының қандай да бір аспектісіне сын тұрғысынан қарайды, пікірталастарда белгілі бір  ұстанымға сүйенеді және өз пікірін білдіре алады
2әлеуметтендіруге және еңбек қызметіне қабілетті; ғылыми жұмыспен өз бетінше айналыса алады; күрделі жобаларды ұйымдастыру және басқару тәсілдерін біледі
3білім беру кеңістігінің жаңа және күрделі жағдайларына бейімделуге дайын: ақпаратты және коммуникацияны меңгерудің жаңа технологияларын қолдана алады, туындаған қиындықтар алдында төзімділік  көрсете алады
4ғылыми қызметті ұйымдастыру қағидалары мен құрылымын, сондай-ақ магистрлік диссертацияны жазуда ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетеді; ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық  түрде жеткізе алады
5зерттеу үрдісінің логикасы мен жоспарлау мәселелерінде, зерттеудің құрылымдық компоненттеріне қойылатын әдіснамалық талаптар мәселелерінде ғылыми шығармашылық әдістемесін меңгерген
6кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдыларына ие; ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық түрде дұрыс жеткізе алады
7білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті; ғылыми-зерттеу қызметі, стандартты ғылыми міндеттерді шешу дағдылары бар
8психологиялық диагностиканың әдістері мен құралдарын біледі, кеңес бере алады, білім беру үдерісіне  қатысушылардың кәсіби қызметіне талдау жүргізе алады
9әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру дағдылары бар; аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызметі; зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау
10кәсіби құзыреттілік шеңберінде өз шешімдері үшін жауапкершіліктерін қабылдауға, мәселелік жағдайларда стандартты емес шешімдерді әзірлеуге қабілетті; күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету біледі