| № | Оқытудың нәтижесі |
| 1 | бастауыш білім беру саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның қазіргі концепцияларын талдай алады |
| 2 | білім беруді интернационалдандыру және жаһандану жағдайында отандық ғылымның даму үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын жүйелі түсінуді көрсетеді |
| 3 | ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары туралы, сондай-ақ зерттеуші-ғалымның педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсініқте ие |
| 4 | бастауыш білім беруді дамытудың ғылыми тәсілдерін талдауға және салыстыруға, ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетіктерін синтездеуге қабілетті |
| 5 | бастауыш білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау, түзету және іске асыру іскерлігін көрсетеді |
| 6 | өзінің ғылыми-педагогикалық және инновациялық қызметін жоспарлауға және жүзеге асыруға байланысты дербес қорытынды жасай отырып, зерттеу саласындағы әртүрлі ғылыми теорияларды сыни талдайды, бағалайды және салыстырады |
| 7 | ғылыми қызмет нәтижелерін жоспарлау және болжау үшін қазіргі заманғы зерттеу әдіснамасын тиімді пайдаланады |
| 8 | өз кәсіби қызметінде үздіксіз дамуды жоспарлайды және болжайды |
| 9 | ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу үшін шет тілін меңгерген |
| 10 | ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми идеяларын жасай алады, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізе алады |
| 11 | заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бастауыш мектептің оқу пәндерінің мазмұнына жобалау дағдыларын және мамандарды даярлау мәселелерінде құзыреттіліқте ие |
| 12 | жоғары мектептің заманауи педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, көшбасшылық басқару және ұжымды басқару дағдысына ие |