Білім беру бағдарламасы8D01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
БББ мақсаты Халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды, жалпы және кәсіби мәдениет деңгейі жоғары кәсіби элитаны дайындау.
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей8
СБШ бойыншадеңгей8
Берілетін академиялық дәреже  философия докторы (PhD)
Оқыту мерзімі 3 жыл
Кредиттердің көлемі 180
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні 07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1бастауыш білім беру саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның қазіргі концепцияларын талдай алады
2білім беруді интернационалдандыру және жаһандану жағдайында отандық ғылымның даму үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын жүйелі түсінуді көрсетеді
3ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары туралы, сондай-ақ зерттеуші-ғалымның педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсініқте ие
4бастауыш білім беруді дамытудың ғылыми тәсілдерін талдауға және салыстыруға, ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетіктерін синтездеуге қабілетті
5бастауыш білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау, түзету және іске асыру іскерлігін көрсетеді
6өзінің ғылыми-педагогикалық және инновациялық қызметін жоспарлауға және жүзеге асыруға байланысты дербес қорытынды жасай отырып, зерттеу саласындағы әртүрлі ғылыми теорияларды сыни талдайды, бағалайды және салыстырады
7ғылыми қызмет нәтижелерін жоспарлау және болжау үшін қазіргі заманғы зерттеу әдіснамасын тиімді пайдаланады
8өз кәсіби қызметінде үздіксіз дамуды жоспарлайды және болжайды
9ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу үшін шет тілін меңгерген
10ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми идеяларын жасай алады, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізе алады
11заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бастауыш мектептің оқу пәндерінің мазмұнына жобалау дағдыларын және мамандарды даярлау мәселелерінде құзыреттіліқте ие
12жоғары мектептің заманауи педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, көшбасшылық басқару және ұжымды басқару дағдысына ие