![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/01/IMG-20230127-WA0034-1-1024x682.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/01/IMG-20230127-WA0036-1-1024x682.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/01/IMG-20230127-WA0038-1-1024x682.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/01/IMG-20230127-WA0041-1-1024x573.jpg)
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде танымал имам, дінтанушы-психолог Қанат Маратұлымен «Салтын білмеген – сауапты түсінбейді» атты кездесу өтті. «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға оқу ордасының білімгерлері қатысты. Қанат мырза көптің көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын талқылады. Бабаларымыздың қанымен, жанымен келген еркіндікті, қарапайым тұрмыс-тіршіліктің деңгейінде қалып қою қаупі бар тілімізді, дінімізді қорғау керектігін жеткізді. Озық технологиялардың шарықтап дамыған заманында тәлім-тәрбие, ақыл-парасаттан бөлек, білім, іс-тәжірибенің, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұлттық құндылық, рухани мол байлықты сақтау, ұтымды пайдалану туралы әңгімеледі.