Дөңгелек үстел

Ғылым күніне арналған «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ: 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ» атты дөңгелек үстел

Ғылым күніне орай 2023 жылдың 12 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Студенттік ғылым: 2022 жылдың қорытындылары» атты дөңгелек үстел және ғылымның дамуына үлес қосқан білімгерлер мен олардың жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.

Дөңгелек үстелдің ашылуында биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембаевна сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел отырысында 4 спикердің баяндамасы тыңдалды:

  1. Баженова Эльмира Даулетхановна – PhD, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері
  2. Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы – магистр, Жаратылыстану жоғары мектебі деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары
  3.  Ауелбек Мурат Ауелбекұлы – Педагогика және психология жоғары мектебінің «Педагогика және психология» БББ 3 курс докторанты
  4. Нуржанова Жулдыз Асхатовна – Құқық және экономика жоғары мектебінің «Құқықтану» БББ 3 курс студенті

Ғылым күніне қарсы «Ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысқаны жəне жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін» Scopus және Web of Science халықаралық реферативті базасында индекстелетін жоғары рейтингілі журналдарда процентилі 50-ден жоғары мақала шығарған докторанттар марапатталды. Ал «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» Басқарма Төрағасы-Ректор Баймырзаев Қуат Маратұлының алғыс хатымен 2022-2023 оқу жылы барысында республикалық, халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктерге жеткен білімгерлер мен оларды дайындаған жетекшілері марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрі С.Нұрбектің «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен университеттің ПОҚ және жас ғалымдар марапатталды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма Мүшесі – Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембаевна білімгерлер мен оқытушыларды марапаттай отырып, шығармашылық табыстар мен ғылым саласында жаңа жетістіктерге жетуді тіледі және Жетісу университеті өз ісіне берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан жас ғалымдарды мақтан тұтатынын атап өтті.