ТҮРІК ӘЛЕМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

20.09.2023 жылы Тілдер апталығының 3 күні түрік тіліне арналды. ШТҚ 112, ШТҚ 113 и ШТҚ 413 топтарының студенттері эдвайзерлер Мырзахмет Ләззат Қанатбекқызы мен Әшімова Малика Гениевнаның жетекшілігімен түрік елінің тілін ғана емес, Түркияның мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін де көрсетті! Білім беру бағдарламасының студенттері түрік ұлттық киімінде өнер көрсетіп, гитарамен ұлттық әндер шырқады, сұрақтармен викторина өткізді. Іс-шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылды.