ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

21-қыркүйек Гуманитарлық жоғары ғылымдар мектебі, «Шетел тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламасы, қауымдастырылған профессор (доцент) Машанова Сания Медетбековна «Тіл және мәдениет» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта өзге ұлттардың тілі мен діліне, мәдениетіне саяхат жасалынды. Сабақ барысында «Тіл этикеті», «Тіл мәдениеті» туралы танымдық слайдтар көрсетілді. «Сіз білесіз бе?» викторинасын өткізіп, «Сиквейн» әдісін пайдаланып, сабақты қорытындылады. Ашық сабаққа Жабыкбаева Д.М., Ли Э.В., Мусабаева А.Н., Ашимова М.Г., Тұрсын Г., Омарбекова Г.М. қатысып, сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттер мен оқытушылар алғыстарын білдірді.