Ғылыми семинар

28.09.2023 ж. Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына  Жилин университеті Биік таулар биологиясы институтының (Словакия)  профессоры, PhD Мариан Жанига «Тау өзендеріндегі судың сапасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға халықаралық жоғары медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Шаршенова Айнаш Ақынқызы (Қырғызстан) қатысты. Семинар барысында профессор Мариан қырғыз ғалымдарымен бірге жасаған Тянь-Шань тауларында жүргізген зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Профессор ұсынылым жасап, қызықты деректерімен бөлісті. Сонымен қатар Жетісу университетінің ғалымдарымен бірге Жетісу өңірінің өзендерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша сұрақтар талқыланды.

Қатысушылар тақырыпты қызығушылықпен талқылап, сұрақтар қойып, тілектері мен ұсыныстарын айтты.