ЖАЗҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ ЖАРЫСЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 4 қазан күні оқытушылар, қызметкерлер және білімгерлер арасында «Жазғы президенттік тест» жарысы өтті. Аталған сайысқа Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұжымы толық құрамда қатыса отырып, жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Білімгерлер командасы болса, жекелей сын түрлерінде топ жарып, 3-орынды қанжығалады. Осылайша жоғары мектеп спортшылары доданың қос бірдей сайысында жүлдегер атанып, үлкен жеңіске қол жеткізіп отыр.