Кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Линкольн қаласындағы Небраска университетінің профессорлары келді. «Қазақстанда агробизнесті дамыту бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде құқық және экономика жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері шетел профессорларымен  кездесуі өткізді. Жобаға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі демеушілік жасады.

Жобаның негізгі мақсаты АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамыту және агробизнеспен айналысу бойынша білім беруге жәрдемдесу болып табылады.

Осы мақсаттар аясында жоба үйлестірушісі және төрағасы, Nebraska Extension білімін тарату жөніндегі маманы, Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброф және кәсіпорындармен жұмыс істеу маманы Бреннан Костелло сөз сөйледі.

Кездесуде Небраска-Линкольн университетінің оқыту процесі қарастырылып, сондай-ақ ENGLER агробизнесінде  (https://engler.unl.edu/) кәсіпкерлікті дамыту бойынша білім беру бағдарламасының дәрісі оқылды.