Семинар

«Central Asian Law» жобасы бойынша онлайн-семинар

2023 жылғы 18 қазанда «Central Asian Law: legal culture and business environment in Central Asia» https://www.centralasianlaw.lu.se/cal-project жобасы аясында «Migration in Central Asia, and methods used to study it» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Спикер – Кембридж университеті әлеуметтік антропология департаменті Моңғолия және ішкі Азияны зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері, доктор Джозеф Пристли өзінің ғылыми зерттеулерімен және этнографиялық дала жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен бөлісті. Семинарға әлеуметтік-гуманитарлық бағытындағы білім беру бағдарламасының оқытушылары мен магистранттары қатысты.