Курс

ОБЛЫС НОТАРИУСТАРЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ.

Жетісу облысының нотариустары «Қазақстандағы нотариаттық қызметтің өзекті мәселелері: теория мен практика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курстың басты мақсаты – нотариат қызметін жетілдіру. Нотариаттық куәландыру, атқарушылық жазба жасау, дәлелдемелерді қамтамасыз ету, мұрагерлік ашу тәртібін жетілдіру және заманауи ақпараттық жүйелерді қолдану бойынша білім арттыру. Курсты құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Б.К.Чингаева жүргізді. Курс нәтижесінде Жетісу облысының нотариустары азаматтар мен заңды тұлғаларға көрсетілетін құқықтық көмектің сапасын арттыруға, нотариустардың мүліктік жауапкершілік тәуекелін төмендетуге ықпал ететін неғұрлым күрделі құқық қолдану мәселелерін өз бетінше шешу дағдыларын жетілдірді.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды. Алдағы уақытта Жетісу облысында нотариустардың біліктіліктілігін арттыру курстарын жиі өткізу жоспарлануда.