Ашық есік күні

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2023 жылы 10 қараша күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебін таңдаған Талдықорған қаласының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Жиын университеттің бас оқу ғимаратында өтті. Шараға 100-ге жуық болашақ бітіруші түлек қатысты.

Ашық есік күнінде қатысушылар университет жүйесімен кеңінен танысты. Оның ішінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің жұмысын көріп, әр тілде барлық білім беру бағдарламалары бойынша, академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттар алды. Гуманитарлық жоғары мектебіне экскурсия жасалынды. Білімгерлер жоғары мектептің жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ университеттің телестудия, радиостудия мен мұражайына шолу жасады.

Оқушылар кездесуде мамандық таңдау, оқуға түсу және Жетісу университетінде білім алудың басымдықтары бойынша бірқатар сұрақтарды қойды. Сауалдарға белсенді білімгерлер мен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қызметкерлері толымды жауап берді. Шара соңында болашақ талапкерлерге оқу орны жайында барлық ақпарат жинақталған кітапшалар берілді. Жалпы, Ашық есік күніне қатысу арқылы оқушылар университетпен жақын танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды.