«Startup» инновациялық жобалар байқауы

Педагогика және психология жоғары мектебінде «Startup» инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқаудың негізгі идеясы талантты, ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ, стартап мәдениетін қалыптастыру. Жоғары мектеп бойынша 9 өтінім түсті. Байқау комиссиясымен іріктеу өткізіліп, 5 жоба универитет байқауына жолдама алды. Комиссия мүшелері «Ата-аналар мектебі», «Шексіз шығармашылық» сияқты отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігіне,  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобаларды ерекше атап өтті. Іріктеуден өткен жоба авторларына диплом мен сыйлықтар табысталды.