![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-15-at-14.33.46-1-1-1024x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-15-at-14.33.46-2-1-768x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-15-at-14.33.46-3-1024x622.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/Арынова-М.-Диплом-3-орын-_page-0001-1-1024x725.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/Жидебай-Ж.К.-III-Халыкаралык-форум-2023_page-0001-1-1024x725.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/Торебек-Д.-III-Халықаралық-форум-2023_page-0001-1-1024x725.jpg)
26-27 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен «Science Talks- Жас ғалымдардың диалогы» атты ІІІ – Халықаралық форум өтті. Форумның мақсаты: жас ғалымдар мен жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігі мен ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тарту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен ел экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу.
Жетісу университетінен техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері, биология ғылымдарының кандидаты А.С Акмуллаеваның жетекшілігімен Агрономия мамандығының 1-3 курс студенттері Арынова М.А., Төребек Д.Қ., Жидебай Ж.Қ. қатысты. Халықаралық форум өте жоғары деңгейде өтті, студенттер өздеріне тәжірибе жинады. Нәтижесінде Арынова Малика ІІІ – орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Төребек Диас пен Жидебай Жақсылық сертификат алды.