АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

2023жылдың 14-қарашасында Шетел тілдері және аударма ісі БББ оқытушылары Г.Қ. Байгуданова  мен С.Б. Дюсебекованың ұйымдастыруымен ағылшын тілінен пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 3-курс студенттері арасынан 16 студент қатысып, бақтарын сынады. Олимпиада 2 кезеңнен өтті:1-кезең оқылым, тыңдалым, 2-кезең айтылым дағдысы. Байқау қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен марапатталды: 1 орын – Қалибеков Данияр ШТК311, 2 орын – Коломиец Дарья ИЯР221, 3 орын – Әлімхан Толғанай ИЯР311.