Дөңгелек үстел

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері, биология ғылымдарының кандидаты Айжан Акмуллаеваның жетекшілігімен “Рухани жаңғыру – жаңаша дамудың, білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеудің кепілі” аясында “Мамандығым -мақтанышым” атты облыс көлемінде дөңгелек үстел өтті.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу қажет. Өйткені тәрбие мен білім – егіз ұғым. Жастар жан-жақты білім алумен бірге, өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде талпынатын, рухани тұрғыда дамыған, толыққанды тұлға болып қалыптасуы тиіс. Білімді, өз мамандығының қыр-сырын жете меңгерген әрі рухани тұрғыда кемел дамыған адамдар ғана заманның жаңа талаптарына сай қоғам дамуына өзіндік үлес қоса алады. Шара осы мақсатты көздейді.

Іс-шараға арнайы мамандар шақырылды: Урынбаев А. Ж. «Жетісу облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған орман шаруашылығы»КММ директорының орынбасары; Ахмедиева А. К. Журналист, «Жасыл Ынтымақтастық» ЖШС және «Адам құқықтары, заңдылықты сақтау және демократияны насихаттау Қоғамы» ЖШС басшысы; Абсеитов А.Б. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті “Экология” мамандығының 2015 жылы бітірген түлегі, «Жетісу облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің маманы; Смагулова С. А. Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының директоры; Букенова Э. А. Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері б.ғ.к.

Дөңгелек үстелде өңірдегі экологиялық өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары, осы бағытта жасалынып жатқан жұмыстар мен бағыттар жайлы айтылды.