The Best Englishmen 2023

2023 жылдың 22 қарашасында Талдықорған қаласы және Жетісу облысының орта мектептері, гимназиялары, лицейлері және орта арнаулы оқу орындары (колледждері) арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Шетел тілі және аударма ісі білім беру бағдарламасы «The Best Englishmen 2023» облыстық олимпиадасын өткізді. Конкурстың 1-ші турына жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және арнаулы орта оқу орындарының (колледждердің) 10-11 сыныптар арасынан 115 оқушы қатысты. Екінші турға ең жоғары балл жинаған 31 оқушы өтті.

Екінші турға өткен оқушылардың видео түсіріпzhgu.shetel.gumanitariya@mail.ru  почтасына жіберуін сұраймыз. Дедлайн: 26.11.2023ж.

  • Видео ұзақтығы-3 минут;
  • Баяндама ағылшын тілінде болуы керек;
  • Видеоны түсіру және редакциялау кезінде арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады (фондық дыбыстарды, анимацияларды, арнайы эффектілерді, сүзгілерді және т. б.);
  • Видеода қатысушыдан басқа бөгде адамдардың қатысуына болмайды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2023 жылдың 30 қарашасында өтеді.