ИНТЕРНЕТТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ КӨРІНІСІ

Қараша айының 29 күні Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, PhD Каримова Бибігүл Жұмашқызының «Интернеттегі азаматтық журналистиканың көрінісі» тақырыбында  ашық сабағы өтті.

Мультимедиялық журналистика пәні бойынша өткен бұл практикалық сабақтың болашақ журналистер үшін маңызы зор. Өйткені, журналистика – төртінші билік. Ал азаматтық журналистика қоғамдық ой-пікірге әсер ететін құбылыс. Оның ерекшелігі – оқырман оқиғаға қатысты ақпарат жинауға тікелей қатысады, ғаламторда жарияланған мақалаларға азаматтар еркін пікір білдіреді. Бұл – интернеттік журналистиканың құрамдас бөлігі.

Ашық сабақ аясында ЖҚ-311 топ білімгерлері азаматтық журналистиканың интернеттегі көрінісін зерттеп, жүйесі мен принцептерін талқылады. Өз кезегінде азаматтық журналистиканың ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқаратындығына көз жеткізді.