ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАРЫСЫ

8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Рыскулов М.А. 20.11.2023-22.12.2023 жж. аралығында Якутск қаласындағы  Ресей Ғылым Академиясының Солтүстік бөлімшесінің Солтүстіктегі аз ұлттар мәселелері және гуманитарлық зерттеулер институтында (Института гуманитарных исследований и проблем малочисленных народов Севера СО РАН) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Шетелдік кеңесшісі  Монастырёв В.Д. бірлесіп ғылыми жұмыстың бағытын айқындай отырып, қажетті ақпараттармен танысуда.

Докторант Рыскулов М.А. 02.12.2023 ж. М.К. Аммосов атындағы «Солтүстік  Шығыс  Федеральды университетіндегі» «Саха тілі» кафедрасына барып, ф.ғ.д. профессор Филипов Г.Г., ф.ғ.к. Прокопьева А.К. және кафедра меңгерушісі Чиркоева Д.И. кездесті.

Сонымен қатар аталған университетте 2023 жылдың 14 желтоқсанында «ЯЗЫКИ, ЛИТЕРАТУРЫ, КУЛЬТУРА НАРОДОВ СИБИРИ, СЕВЕРАИДАЛЬНЕГО ВОСТОКА: сравнительно-исторические, типологические исопоставительные исследования» атты ұйымдастырылып жатқан конференцияға қатысуға өтініш беріліп, мақала дайындалуда.

Докторант Рыскулов М.А. Ресейдегі Қазақстан елшісі Абаев Д.Ә. 30.11.2023 ж. Якутияға келіп, сол жерде тұрып, еңбек етіп жатқан қазақтарымен болған  кездесуіне қатысты.